Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда студенттерге арналған жатақхана тапшы

10.05.2023ж. 20:00
1133
Павлодарда студенттерге арналған жатақхана тапшы

Павлодарда студенттерге арналған жатақхана тапшы. Бір ғана мұғалімдер даярлайтын университетте 700-ден астам студент қайда барарын білмей сандалып жүр. Ал студенттер үйін салуға берілген жер жекеменшікке сатылып кеткен. Бұл туралы тапсырыс берушіге ескертілмеген. Енді бұл жерде жатақхана салынар салынбасы белгісіз дейді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.

Бұл нысанның әу баста қазығы жатақхана ретінде қағылған. Сол үшін қаланың ортасынан 4 жыл бұрын жер берілді. Алайда, пандемия уақытында қаржының жоқтығынан құрылысы тоқтап қалған болатын. Бірақ, өткен жылы жартылай жарым құрылыс жекеге сатылып кетіпті.

Жарқын ҚАБДОЛОВ, УНИВЕРСИТЕТ ПРОРЕКТОРЫ:

Құзырлы органдарға бұл істі тексеру туралы сауал хат жолдадық. Қазіргі уақытта сатып алу келісім шарттының заңсыз екенін айтып, сотқа бердік..

Қалада студенттерге арналған жатақхана тапшы. Бір ғана мұғалімдер даярлайтын университетте 700 орын жетіспейді.

Дархан ХАСЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Бүгінгі күнде Павлодар қаласы әкімінің атына жердің мақсатын өзгерту жөнінде ешқандай өтініш түскен жоқ. Бұл жер телімі бүгінгі күнде жанағы жатақхана салу үшін мақсаты.

Ал мердігер компания бұл жерге жатақхана салып жатқанын айтады. 550 орынға лайықталған нысанның құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.

Арман МҮБӘРАК, МЕРДІГЕР:

Құрылысқа аздап қайта құрылымдау жұмыстарын жасадық. Балкон және лифті қостық. Заманауи жаңартылған жатақхана болады.

Жарым-жартылай құрылыстың заңды, заңсыз сатылғаны енді жоғары сотта анықталмақ.