Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада көпқабатты үйдегі пәтер өртенді

AstanaTV
10.05.2023ж. 21:20
868
Астанада көпқабатты үйдегі пәтер өртенді

Астанада көпқабатты пәтерде өрт шығып, жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда пәтер терезесінен қою түтін шығып жатқанын көруге болады.

Астананың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 10 мамырда пәтерлердің бірінде болып, 6 шаршы метр аумақ жанған.

"Балкон мен ас үйде 6 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе ойықтары жанып жатыр. Өрт 15:29-да сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.