Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

BAQ liga-да "Astana tv" командасы жеңімпаз атанды

10.05.2023ж. 20:00
1282
BAQ liga-да "Astana tv" командасы жеңімпаз атанды

Футзалдан BAQ liga-да "Astana tv" командасы жеңімпаз атанды. 12-ші маусымда "В" лигасында 8 команда бақ сынады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

4 айға созылған жарыс сәтті аяқталды. Көріп тұрғандарыңыздай бақ пен бабымыз қатар шауып жеңіс тұғырынан көріндік. Қуанып тұрмыз. Тек Астана алға.

Бұл "Астана" телеарнасының БАҚ лигадағы екінші маусымы. Алғашқысында тәжірибе жинады, командалық ойын үлгісін көрсетуге үйренді. "В" лигасында 8 команданың осалы жоқ. Сондықтан әрбір ойын мен ұпай маңызды болды. "Астана" камбэк көп тіркеді. Бұл команданың соңғы секундқа дейін жан алысып, жан берісетінін көрсетсе керек. Командамыз 14 кездесу өткізді. Оның 11-ін жеңіспен аяқтаса, үш ойында ұтылды. Қарсылас қақпаларына 80-ге жуық гол соқты. 33 ұпаймен лиганың жеңімпазы атанды. Ал команда сапындағы Мақсат Қайрақбаев "үздік сұрмерген", Диас Шамгунов "үздік ойыншы" номинациясына ие болды.

Сәкен ПИОНЕР, "ASTANA TV" ОЙЫНШЫСЫ:

Көңіл-күйіміз тамаша. Жеңіс. Енді қолдан келгенше тырыстық. Әрине еңбегіміз бағаланды. 1 орынымызға жеттік Құдай Қаласа. Міне, бұл команданың еңбегі, команданың арқасы.

Ал "А" лигасында "Қазмедиа" екі дүркін чемпион атанды. Лиганың әрбір ойыны тартысқа толы болды. Маусым сәтті өтті. Бастысы, әріптестер алаңда қарсылас, өмірде достықтары нығая түсуде.

Әзиз ЖҰМАДІЛ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

БАҚ лиганың мақсаты бұл жерде. Спортшы тәрбиелеу емес. Чемпион шығару емес. БАҚ лиганың мақсаты БАҚ өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Достық аураны күшейту. Және редакциялар арасындағы бір ұжымдық құрықты қалыптастыру.

Айта кетейік, "Астана" командасы жазғы маусымда "А" лигасында өнер көрсетеді.