$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Жыл сайын әлемде 2,45 млн тұрғын адам саудасының құрбанына айналады

AstanaTV
11.05.2023ж. 12:35
1073
Жыл сайын әлемде 2,45 млн тұрғын адам саудасының құрбанына айналады

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі форум аясында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 2,45 миллионға дейін адам саудасының құрбанына айналады.

Адам саудасынан түсетін заңсыз пайда жылына 33 миллиард доллар. Есірткі мен қару бірінші орында болса, адам саудасы үшінші орындағы ең табысты қылмыстық іс әрекет болып анықталған.

"Қазіргі уақытта адам саудасы өкінішке қарай әлемдегі көптеген елдің ең өзекті мәселесі болып тұр. Біздің еліміз де бұл қылмыстық фактілер тіркелген. Адам саудасына қатысты елімізде шамамен 100-ден аса қылмыстық іс анықталады. Соңғы 4 айда 65 қылмыс белілі болды",-дейді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.

Тіркелген қылмыстардың ішінде қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру, адам саудасының 16 фактісі, кәмелетке толмағандар – 12, жезөкшелікпен айналысуға тарту – 11, оның ішінде 3 кәмелетке толмағандар анықталған.

"Бұл тек зардаптармен күресу. ҮЕҰ-ның мәліметінше, сексуалдық және еңбек қанау құрбандарының саны бірнеше есе көп. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 60-тан аса келісімнің шартты толық қатысушысы. Сонымен қатар, осы саладағы мәселелер заңдармен, мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен реттеледі",- деді Ахметжанов.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң жобасын әзірледі. Жоба 6 тараудан тұрады.

жаңа тұжырымдамалық аппаратты енгізу;

уәкілетті мемлекеттік органдарды құру;

халықаралық ынтымақтастық негіздері;

ҮЕҰ рөлін анықтау;

жәбірленушілердің, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;

адам саудасымен күресте халықаралық тәсіл – 4 PI (R) тұжырымдамасы енгізу.