Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Полиция атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты пікір білдірді

AstanaTV
11.05.2023ж. 13:20
966
Полиция атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты пікір білдірді

Полиция атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 мамыр күні сағат 04:21-де Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автопатрульдеу кезінде Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін байқаған.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі шақырылды. Жарылыс белгілері болған жоқ. Оқиға орнында тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 202-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Еске салайық, белгісіз біреулер журналист Виктор Сутягиннің көлігін жарып кеткені хабарланған болатын. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Виктор Сутягиннің ҚазАқпарат тілшісіне айтуынша, түнде оның көлігіне белгісіз біреу жақындап, "капотта бірдеңе жасаған", содан кейін жарылыс дауысы естілген. Журналистің айтуынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Виктор Сутягин - Атырауда танымал журналист. Ол 67 жаста. "ҚазАқпарат" ХАА-тің меншікті тілшісі болып жұмыс істейді. Бұған дейін "Каспийская коммуна", "Караван", "Казахстанская правда" және басқа да ақпарат құралдарында қызмет еткен.