Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыру талабы қандай?

11.05.2023ж. 20:00
1061
Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыру талабы қандай?

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді. Яғни, елге қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер жеңілдікпен тіркеуге қойылады. Ал оның талабы қандай? Дәрібек Бахытбек сұрап білді.

Сейілхан оң жақты рульді көлігін былтыр Қырғызстан мемлекетінен сатып алыпты. Елге әкелгеннен соң құрастырмалы екенің бірақ білген. Енді тіркеу акциясы басталысымен бірден өтініш беремін деп отыр.

Сейілхан КЕНЖЕТАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Отбасы бала-шағамызды асырап отырған көлік. Сол үшін заңға, Үкіметке сеніп отырмыз. Енді халық болып. Бір адам емеспіз ғой. Маңдай терімізге, ақы еңбегімізге алған көлік. Сомен еңбегімізді тауып жүрміз енді бір тіркеп беретін шығар деп.

Сейілхан секілді сан соғып, сенделіп жүргендер аз емес. Министрліктің дерегінше, елімізде құрастырмалы көліктер саны 14 мыңға жуықтайды. Автосарапшылар құрастырмалы көлікті заңдастыруға қарсы екендерің жасырмайды. Себебі, оның қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді, техникалық тексерістен толықтай өткізілмейді дейді.

Ерғазы ӘЗІМХАНҰЛЫ, АВТОСАРАПШЫ:

Утильға өткізе алмайды немесе разворға апарып тастай алмайды ғой айдап жүрген көліктерін. Бірақ ол өте қауіпті көліктер. Өйткені, астындағы общивкісін ашып қараған кезде, мына рулевая колонканың темірінен басқа ештеңе жоқ. Техникалық қауіпсіздіктер жоқ. Осы көліктерді тіркеуге қою үшін жақсы техникалық тексерістен өткізу қажет деп ойлаймын.

Айта кетейік, құрастырмалы көлікті тіркеу 15 мамырда басталады. Ол үшін қолыңызда өтініш, сосын ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі және техникалық байқаудан өткендігі туралы диогностикалық карта болу керек.

Арай КУЛТУКАЕВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін салым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. Автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейдегі банктер арқылы және егов порталы арқылы беруге болады.

Құрастырмалы көліктерді тіркеу шілдеге дейін жалғасады. Ескерте кетейік, көліктің құжатын рәсімдегеннен кейінде оны өзге адамға сата алмайды. Шетелге апара алмайды. Себебі бұл бөлшектер кедендік тазалаудан толық өтпеген.