×

Медицинадағы революциялық жаңалық

AstanaTV
01.10.2016ж. 20:00
4177
Медицинадағы революциялық жаңалық

Қазір АҚШ-та тұратын мәскеулік Ольга Гольдфарб есімді балалар невропатологының «Сноб» порталында мақаласы шыққан, назар аударғанымыз, маманның сөзіне сенсек, генетика саласында революциялық жаңалық бар. CRISPR/Cas систем облысындағы ол жаңалық ДНК-дағы қос спиральдің анықталғаны немесе ВИЧ сияқты ретровирустың табылуына алып келген жаңалықпен пара-пар көрінеді. Түйіндеп айтқанда, кез-келген организмнің кез-келген гені үшін CRISPR/Cas9  кешенін синтездеуге болады. Яғни табиғат жіберген қателіктерді түзеу үшін адам геномын редакциялау мүмкіндігі. Негізі медицинада саласында фантастика сияқты көрінетін тәжірибелер соңғы жылдары көбейген. Әзірге әрине, тәжірибе жануарларға жасалған.Ал адам ауруларына келсек, мутант гендерге байланысты аурулар – Дюшенн бұлшық ет дистрофиясы, гемофилия, тирозинемия т/б. Тағы бір елең еткізетіні – иммун тапшылығы синдромында ВИЧ-ң нуклеин қышқылы адам клеткасының геномына кіріп кетеді. Қазіргі препараттар вирустың көбеюіне жол бермейді. Ал CRISPR әдісімен ондай участокты кесіп алып тастауға болады, - дейді маман. 

 Расында медицинада қиял-ғажайыптай мүмкіндіктер ашылып жатыр. Біз ғой жемқорлық торына маталып, болмайтынды әңгіме қылып, керекті үйренбей, ұрандатып, жалаулатып жүрген. Ұран қылатынды емес, фальш дүниелерді жалаулатып...