$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Елден заңсыз шығарылған 760 миллиард теңге қайтарылды

12.05.2023ж. 20:00
1597
Елден заңсыз шығарылған 760 миллиард теңге қайтарылды

Елден заңсыз шығарылған 760 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Құзырлылардың сөзінше, активтердің басым бөлігі Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген. Дені дүние-мүлік, актив және валюта түрінде қайтқан. Заңсыз активтердің кімге тиесілі екені әзірге жасырын қалады. Ол үшін арнайы заң жобасы ұсынылмақ.

Зейін ӘЛІПБЕК, АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША ВЕДМОСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Салықтан жалтарулар болса, біздің комиссия 100 млрд теңгенің салығын қайтарды, ол салық органдарының өз шотына түседі. Оған қоса заңсыз алынған, өз мақсатына пайдаланылмаған 460 мың гектар жер қайтарылды. Бұл да әр ауылдың, әр аумақтың меншігіне қайтарылады.