$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қызылжарда 15 мыңнан астам адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

12.05.2023ж. 20:00
1052
Қызылжарда 15 мыңнан астам адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

Қызылжарда 15 мыңнан астам адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде қарыз көлемі 400 миллион теңгеден асқан. Арасында салық міндетіне тіпті жылдар бойы міз бақпай жүргендер бар. Кейбірінің борышы 3 миллион теңгеден асады. Алайда, құзырлы органдар олардың есімдерін құпия сақтауда. Қазір сала мамандары жауапсыз азаматтарға қатысты қатаң шара қолдануды көздеп отыр.

Сұңғат ҚОСПАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сот орындаушылары бұл қарызды сот арқылы өндіріп алады. Яғни, борышкер ресми түрде жұмыс істесе, оның жалақысынан ұстап отырады. Егер жеке мүлкі болса, оны сатуға тыйым салады. Және қарыз көлемі 40 айлық есептік көрсеткіштен асса, шетелге шығуға шектеу қойылады.