Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері ерекше қажеттілігі бар балаларды циркке апарды

12.05.2023ж. 20:00
1053
Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері ерекше қажеттілігі бар балаларды циркке апарды

Алматыда 30-ға жуық ерекше қажеттілігі бар бүлдіршін циркте тегін шоу тамашалады. Игі іске «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы мұрындық болды.

Әуеде қалқыған акробаттар мен мың бұралған гимнасттар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі фокус көрсететін сиқыршылардың қойылымын кішкентай көрермендер аса ықыласпен қызықтады. Сондай-ақ, аманаттықтар ерекше балалардың отбасыларына киім-кешек пен қажетті тұрмыстық заттар табыстады. Сыйлықтар партия ұйымдастырған «Бірлік туы» атты қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа алынған.

Асия МИРОНОВА, АТА-АНА:

Цирктегі қойылым өте қызықты болды. Балам мәз-мейрам. Жомарт жандардың қолдауы олар үшін мерекемен пара-пар. Көп ата-ананың перзенттерін циркке апаратын жағдайлары, уақыты болмай жатады. Сондықтан «AMANAT» партиясына рақмет айтамыз.

Әйгерім МҰСТАФАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдыңғы жылы да ол балаларды дельфинарийға апарып, циркте қойылымдарды көрсетуді жалғастырып келеміз. Ол біздің дәстүрлі түрде болатын іс-шарамыз. Жәрмеңкеге жиналған, бізге қолдау көрсеткен барлықтарыңа рақметімізді, алғысымызды білдіреміз. Ерекше балаларды әрі қарай қуантуға болашақта жоспарлап отырмыз.