Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Гинеколог сүт безі обырын тудыратын 4 әдетті атады

AstanaTV
13.05.2023ж. 09:44
1295
Гинеколог сүт безі обырын тудыратын 4 әдетті атады

Кеудедегі ісік ұзақ уақыт бойы білінбейді. Себебі ол ауырмайды. Мұның алдын алу үшін дәрігерлер тұрақты түрде маммограммаға түсу керек екенін айтады, әсіресе 45 жастан асқан болсаңыз бұл маңызды.  Акушер-гинеколог Екатерина Волкова қандай әдеттер омырау қатерлі ісігін арттыратынын айтты,-деп хабарлайды  Massaget.kz.

"Жас қыздарда қатерлі ісік болса маммограмма анықтай алмайды. Себебі олардың сүт бездері негізінен без тінінен тұрады. Оны УДЗ анықтай алады", - дейді гинеколог.

Екатерина Волкованың айтуынша, сүт безіндегі қауіпті өзгерістерге біздің күнделікті әдеттеріміздің кейбірі себеп болуы мүмкін. Сондықтан кейбір әдеттер омырауға қауіпті екенін есте сақтаңыз.

Үнемі астары бар киім кию. Бұл сүт бездерінің ісінуін, олардың ауырсынуын тудыруы мүмкін. Үйге келе салысымен шешкіңіз келмейтін ыңғайлы киімді таңдаңыз.

Кейбір дезодоранттарды қолдану. Мұндайда оның құрамына қарау керек. Мысалы, алюминий қатерлі ісік қаупін арттырады, май түтіктері мен лимфа түйіндерінің қабынуына әкелуі мүмкін.

Құрамында эстрогенге ұқсас заттар бар гормоналды контрацептивтерді бақылаусыз қолдану. Егер доза тым жоғары болса онда сүт безінде кері реакция пайда болуы мүмкін.

Абстиненция. Оргазм - сүт бездері ауруларының алдын алады. Егер әлі жыныстық өмір басталмаған болса, физикалық белсенділікті арттыру керек.

"Ал, әрине, жылына бір рет маммологқа баруды ұмытпаңыз. Мұндай профилактикалық тексерулер кез келген ауруды дер кезінде анықтау және оны біржола емдеу үшін қажет", - деп қорытындылады гинеколог.