Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Біртүрлі дауыстарды естіп жүрмін»: Хакерлер бақылау камерасын бұзып, бүлдіршінді шошытқан

AstanaTV
13.05.2023ж. 12:01
929
«Біртүрлі дауыстарды естіп жүрмін»: Хакерлер бақылау камерасын бұзып, бүлдіршінді шошытқан

Қазақстандық Айдар Жақыпов балалар бөлмесіндегі бақылау камерасын, бүлдіршіндерді қорқытқан хакерлердің әрекеті туралы айтты. Ер адам үйінде камерасы бар ата-аналарға барлық Wi-Fi құпия сөздерін күрделірек етіп өзгертуге кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айдар Жақыпов Instagram парақшасында өз отбасының кибершабуылдың құрбаны болғанын мәлімдеді.

Белгісіз қаскүнем оның кішкентай қызының бөлмесіне орнатылған дыбыстық камераны қашықтан бұзып, үрейлі дыбыстар шығарып, баланы қорқыта бастаған.Әкесінің айтуынша, қыз қатты қорқып қалған.

«Үйдің кейбір бөлмелерінде дауысты таратуы бар Hikvision камералары орнатылған. Біз үйде болмаған кезде не болып жатқанын қашықтан көру үшін оларды балалардың бөлмесіне әдейі орнатқанбыз. Бүгін белгісіз біреу құрылғыны қашықтан бұзып, қорқынышты дауыстарды қосып, қызымды қорқыта бастаған. Қызым қатты үрейленіп қалыпты. Ізденіп оқи бастап едік, мына нәрсені білдік – бұл тақырыптың бәрі АҚШ-та басталып, кейін Ресейге жеткен, бәлкім мобилизациядан кейін біздің елімізге де келген секілді», – деп жазады ол.