Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Келер жылы дәрі-дәрмек қымбаттайды – «СК-Фармация» басшысы

AstanaTV
13.05.2023ж. 19:19
744
Келер жылы дәрі-дәрмек қымбаттайды – «СК-Фармация» басшысы

Баға өсімі келесі жылы тіркелуі мүмкін. Бағаның өсуіне таңбалау себеп болады. Алайда, цифрландыру ресми дистрибьюторлар мен Үкімет үшін тек пайда әкеледі. Осы және өзге де жаңалықтар телемедицина форумында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды, алайда, үлкен өсім күтудің қажеті жоқ", - дейді «СК-Фармация»басқарма төрағасы Ренат Есқалиев.

Оның айтуынша, штрих-код үшін үстемақы төлеу денсаулықты күту жолында түк те емес. Біріншіден, дәрі-дәрмектің өндірушіден науқасқа дейінгі бүкіл жолын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл контрафактілерден қорғайды.

"Шын мәнінде, біз бәріміз цифрландыруға мүдделіміз. Бұл – процестердің ашықтығына кепілдік", - деп атап өтті Ренат Есқалиев.