Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды

AstanaTV
13.05.2023ж. 19:51
793
АҚШ-тан келген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды

АҚШ-тан жеткен сәлемдеменің ішінен есірткі табылды. Бір топ адам мұны ойыншықтың ішіне жасырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәлемдеме халықаралық пошта арқылы АҚШ-тан әуелі Алматыға жетіп, одан кейін Астанаға жөнелтілген. Қорап сыртынан күдік туғызбағанымен, тексерушілер мұны рентген құрылғысынан өткізген кезде байқаған. Ішінен кептірілген марихуана шықты. Салмағы - 500 грамм.

"Иіс жою мақсатында есірткі заты герметикалық пакеттерге оралып, басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматыға жіберіліп, одан әрі Астанаға жөнелтілген. Жедел іздестіру нәтижесінде есірткі заты бақыланатын жөнелтілімі жүргізілді. Бұл тауарға тапсырыс берушілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді",-деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.