Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
29.09.2016ж. 20:00
2259
Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Павлодар қаласына барды. Жұмыс сапарында әлеуметтік, ауыл шаруашылығы және көлік саласының бірқатар нысанын аралап, өңір жұртшылығымен кездесті.  Мемлекет басшысына Ертіс өзеніндегі көпір өткелінің құрылысы таныстырылды. Көпір «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Орталық-Шығыс» автожол құрылысы жобасының бір бөлігі болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

5 жылда 7000 шақырым автобан салынатын болады. Бұл біздің балаларымыз, немерелеріміз, тіпті шөберелерімізге дейін жетеді. Дағдарыс уақытында біз адамдарға көмектесуіміз керек. «Нұрлы жол» - бұл жаңа пәтерлер, жаңа қалалар, коммуналды шаруа қожалықтары, жаңадан салынып жатқан көпірлер мен жолдар. 

Президент Павлодар мемлекеттік университетінің Стартап академиясының да тыныс-тіршілігімен танысты.  Мемлекет басшысына студенттердің іске асырылған, қазір өнім бере бастаған бизнес жобалары туралы баяндалды.  Сондай-ақ, елбасы «Сарыарқа» шағын ауданы мен Балалар техникалық мектебінде болып, шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қарқынын көрді. Ал техникалық мектептің балалары болса, Нұрсұлтан Әбішұлына робот жасау, радиоэлектроника, ұшақ және кеме модельдеу негіздерін меңгеріп жатқанын айтып, өздері құрастырған жобаларын таныстырды.