Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ОПЕК елдері мұнай өндірісін төмендетуге келісті

AstanaTV
29.09.2016ж. 20:00
3023
ОПЕК елдері мұнай өндірісін төмендетуге келісті

Нарық үшін тосын сый! ОПЕК елдері 8 жыл ішінде алғаш рет мұнай өндірісін төмендету бойынша келісімге келді. Ұйым президенті Мұхаммед Салех аль Саданың айтуынша, өндіріс көлемі тәулігіне 33 миллион баррельге дейін қысқармақ.  Бұл шашамен қазіргі көрсеткіштен 700 мың баррельге кем, деп жазады Рейтерс. Алайда Тегеранның үлесі қандай болары әлі белгісіз.

Айта өтейік, ірі мұнай өндіруші елдердің ендігі отырысы 30 қарашада Венада өтеді. Мұнай картелінің елдері ұйымға мүше емес мемлекеттерді де келісімге қосылуға үндеп отыр. Осы жаңалық негізінде бүгін қара алтын құны бірден 5 пайызға өсті. Осылайша Brent-тің баррелі 48, ал WTI маркілі мұнайдың бір баррелі 48 долларға дейін жетті. Сәйкесінше, АҚШ валютасына шаққанда бүгін теңге де бірден 3 теңгеге нығайды.

Мұхаммед Салех аль Сада, ОПЕК президенті, Катар  энергетика министрі:

Біздің келісіміміз бойынша техникалық комитет мұнай өндіру көлемін толықтай зерттемек. Қорытындысы келесі жиында Венада жария болады. Сондай-ақ, ОПЕК-ке мүше емес өзге елдермен де уағдаластыққа келдік. Олар серіктестікке дайын екендерін мәлімдеді.  

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА