Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Суицид жасаған курсант қаза боларынан екі күн бұрын депутатқа хат жазған

AstanaTV
15.05.2023ж. 11:04
898
Суицид жасаған курсант қаза боларынан екі күн бұрын депутатқа хат жазған

Депутат Руслан Берденов әскери қызметкерлер мен курсанттардың арасындағы лудомания мәселесіне қатысты ҰҚК өкілдеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Берденовтің сөзінше, жақында мерт болған марқұм жігіт қаза боларынан екі күн бұрын оған аноним түрде хат жазған екен.

"Бұл бір ғана жағдай емес. Бұл жағдайға қатысты кішігірім есеп жасай ғана қоймай үлкен жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Себебі бұл әскер орындардағы өте үлкен проблема. Мен күніге әртүрлі хат алып тұрамын. Депутаттар ретінде адамдармен бөлек кездесіп жүрміз. Бұл өте күрделі проблема. Осыны аңғарып, өздеріңіз үшін дұрыс баға қойыңыздар", - деді депутат Мәжіліс отырысында. 

ҰҚК өкілі бұл жайттан хабардар екенін айтты. 

"Бәрін түсініп отырмыз, бәрін біліп отырмыз. Қолдан келген шараның бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Шұғыл және жауапты шешімдер қабылдаймыз", - дейді ҰҚК өкілі Мәжілісте. 

Еске салайық, 1 мамырда ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-ші оқу жылы курсантының денесі табылған еді. Өлімнің себебі - өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.