Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматы облысында жасөспірім пойызға тас лақтырған: салдарынан жолда кептеліс пайда болды

AstanaTV
15.05.2023ж. 13:56
654
Алматы облысында жасөспірім пойызға тас лақтырған: салдарынан жолда кептеліс пайда болды

Алматы облысы Шамалған станциясында жасөспірім пойызға тас лақтырып, соның салдарынан теміржолда кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желілерде Шамалған станциясындағы видео тарап жатыр. Онда жігіт пойызға тас лақтырып, қашып бара жатқанын көруге болады.

Оқиғаға байланысты қозғалыста кептеліс пайда болған. ҚТЖ ҰК АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, машинист шұғыл тежеп үлгерген. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына хабарланған.