$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Соңғы қоңырау шарасына қаншадан жиналады?

AstanaTV
15.05.2023ж. 14:28
1810
Соңғы қоңырау шарасына қаншадан жиналады?

Ата-аналардан салтанатты іс-шараларды өткізуге ақша жинауға болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

«Сынып сағаттарын, аттестат тапсыру, соңғы қоңырау шараларын өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдауға, мектеп әкімшілігіне, педагогтерге сыйлыққа ақша жинауға жол берілмейді», - деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.