Түркістанда
144 отбасы желтоқсан айында қоныс тойын тойлайтын болады. Тұрғын үй құрылысы,
мемлекеттік жеке серіктестік аясында салынып жатыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
бой көтерген құрылысты «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан
ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ іске асыруда. Тоғыз қабатты қос
үйдің жалпы ауданы 7 мың шаршы метрден асады. Қос үйдің әрқайсысы 72 пәтерлі.
Киелі шаһарда жүріп жатқан ауқымды құрылыстың барысымен бүгін БАҚ өкілдері
танысты. Пәтердің бір шаршы метрінің құны 900 теңгеден аспайды Бұл баспаналарға пәтер кезегінде тұрған
азаматтар қол жеткізе алады. Бүгінде төрт мыңға жуық түркістандық үй кезегінде
тұр.
Жаналы
Наралиев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ Шымкент қаласындағы өкілі:
Мемлекеттік-жекеменшік
серіктестік аясында салынып жатыр. Құрылысын жүргізіп жатқан компания - «Отау-строй». Бұл 144 пәтерлі үй. Оның 36-сы
1 бөлмелі, 72 пәтер 2 бөлмелі және
36 пәтер 3 бөлмелі. Бұл үйлер әрленіп, таза күйінде осы жылдың соңында беріледі тапсырысқа.
Қос
үйдің де құрылысы қарқынды. Дәл қазір ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған.
Кейбір пәтерлердің тіпті тұсқағаздары жапсырылған. Мердігер компания тұрғын үй
құрылысына тек отандық өнімдерді қолданғандарын айтты.
Әбжат
Әкімов, «Отау-Строй» ЖШС бас инженері:
Үй
құрылыстарын салу барысында өзіміздің Қазақстан өнімі материалдары қолданылды. Есіктер, жылу жабдықтау
материалдары және өзіміздің жеке
өнімдеріміз пайдаланылды. Атап айтқанда, ол асфальттау бетондық қоспа дейміз, бетон, газоблок және құрғақ
смесьтер қосылатын.
Келешекте
дәл осы аумақ «Отырар» шағын ауданы деп аталатын болады. Ал «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 900-ден аса пәтерлі тұрғын үйдің
құрылысын жүргізіп жатыр. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Астана қаласында
да бес жүзден астам пәтер салынуда.
Айта
кетейік, ағымдағы жылы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен
барлығы 326 мың шаршы метрден асатын жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға
бермек.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ