$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК 11 қызметкері жауапқа тартылып жатыр

15.05.2023ж. 20:00
1367
Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК 11 қызметкері жауапқа тартылып жатыр

Қаңтар оқиғасына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы төраға орынбасары Марат Қалқабаев айтты. Кейбір іс бойынша тергеу аяқталып, кінәлілер сотталған. Қазір комитет құрамында тиісті тексеру жүргізілуде. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде жұмысына салғырт қараған департамент басшыларын сынға алған еді.

Марат ҚАЛҚАБАЕВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаңтар оқиғасынан кейін бірден Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды қызметтік тексеріс жүргізді. Осы орайда бұйрық талаптары мен қызметті атқару тәртібіне, оның ішінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді.