$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады

15.05.2023ж. 20:00
1225
Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады

Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің жазбаша арызы болмаса да полиция әкімшілік іс қозғайды. Бірінші шілдеден бастап заң қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Руслан Қаржаспеков мәлімдеді. Тұрмыстық зорлыққа қатысты елімізде жыл басынан бері 35 мыңнан астам арыз түскен. Соңғы аптаның өзінде 2700-ге жуық шағым болған. Туыстардың кеңесінен кейін көпшілігі татуласады. Ал жағдай тағы қайталанады. Мәселен, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Сондықтан шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады.

Руслан ҚАРЖАСПЕКОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Көбінесе бұрын арыз жазбайтын. Енді жәбірленушілер шағым білдірмесе де іс қозғаймыз. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары мен бейнетіркегіш жеткілікті.