Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын". Қазақ тілінде танымал әндерді орындаған өзге ұлт өкілі Желіні тәнті етті

AstanaTV
15.05.2023ж. 21:23
1055
"Тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын". Қазақ тілінде танымал әндерді орындаған өзге ұлт өкілі Желіні тәнті етті

Әлеуметтік желіде орыс ұлтының өкілі қазақ тіліндегі әндерді еркін орындаған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадрлардан видеодағы бала бірнеше әнді орындаған көрінеді. Соның ішінде Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Айналайын" әні де бар.

Сондай-ақ, балақай Ұланғасыр Қамиевтің хитке айналған "Қызыл раушан" әнін де орындаған.

Бұл қатарда әлі күнге өміршеңдігін жоймаған "Армандастар" әні де бар.

Желі қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазып, балақайға қолдау көрсеткен:

Бәрекелді, керемет, жарайсың!

Жарайсың, балам, өте керемет

Қандай керемет, жарайсың! Бас алға !

Жаным, бауырым, бақытты бол.

Орыс болып, қазақша ән айтып тұрған тіліңнен, сені тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын, өркенің өссін, балапан.

Талабыңа нұр жаусын!