Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ерлан Қошанов Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған жиынға қатысты

16.05.2023ж. 20:00
1114
Ерлан Қошанов Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған жиынға қатысты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Әзербайжан Республикасында Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Ол барша Әзербайжан халқына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жетікізді. Сондай-ақ, Гейдар Әлиевтің Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуындағы орасан зор рөліне назар аударды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биылғы сәуір айында Астанада Гейдар Әлиев атындағы жаңа көшенің ашылу салтанаты болды. Бұл іс-шараға Қазақстан мен Әзірбайжан лидерлері, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илхам Әлиев қатысты. Осындай қадамдар арқылы халықтарымыздың достығы да нығая бермек.