Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылордада Халықаралық Отбасы күніне орай «Зияткер отбасы» интеллектуалдық сайысы өтті

Қызылордада Халықаралық Отбасы күніне орай «Зияткер отбасы» интеллектуалдық сайысы өтті

Қызылордада Халықаралық Отбасы күніне орай «Зияткер отбасы» интеллектуалдық сайысы өтті. 5 кезең бойынша сынға түскен жанұялар білімдерін сарапқа салды. Мұндай шаралар ата-ана мен балалардың бюірлесіп жұмыс жасауына, өзара түсінісуіне жол ашады дейді ұйымдастырушылар.

Білім бәйгесіне 7 отбасы қатысты. Сұрақтар салт-дәстүр, мақал-мәтел төңірегінде болғанымен, логиканы дамытуға бағытталған. Ал ауқымы ата-аналарға ғана емес, балаларға да арналған. Негізінен сайыстан түйгеніміз мол болды дейді қатысушылар.

Ғазиза ОСПАНОВА, ІІ ОРЫН ИЕГЕРІ:

Өзімде қобалжу болды. Бірақ қазіргі балаларымыз, құдайға шүкір, поколение дейді ғой. Сайыс деген кезде бір кідірместен қатысамыз деді. Көптеген инсайттар алдым. Білетінім 9, білмейтінім 99 деген екен. Кейбір мақал-мәтелге, дәстүрлерге байланысты шамалы ақсап жатқан жеріміз бар екен. Соларды түзетеміз. Іс-шара ұйымдастырушыларға көптен көп рахмет.

Мұндай сайыс қалада алғаш рет өтікізіліп отыр. «Бұл ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайтады. Отбасындағы ынтымақтастықты арттырады» дейді ұйымдастырушылар.

Қаламқас КАРИМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерде әйел азаматтарға қатысты сұрақтар, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтар, бала тәрбиесі, ер-азаматтарға қатасты, жалпы отбасыға қатысты сұрақтардың интеллектуалдық жарысы. Жалпы мақсатымыз, отбасылардың бірігуі, отбасының ынтымағы, отбасының берекесі, жалпы отбасындағы тәрбие. Осы бағытта ұйымдастырылып отыр.

Тартысты өткен додада барлық жанұялар ерекше дайындықпен келгендерін көрсетті. Оларға арнайы номинациялардан бөлек, жүлделі орындар табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.