Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент Данияр Ақышевты қабылдады

AstanaTV
30.09.2016ж. 20:00
2008
Президент Данияр Ақышевты қабылдады

Қаржы нарығында тұрақтылық орнады! Ақордада президентке есеп берген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Бас қаржыгер бұны сыртқы факторлардың әсерімен түсіндірді. Мұнай бағасы өсіп, сауда серіктестеріміздің ұлттық валютасы да нығая түсті дейді. Бұл жағымды тенденция алдағы уақытта да байқалады деп сендірді. Айтуынша, қазір көптеген салаларда оң өзгеріс байқалып келеді. Бас банкирдің баяндамасын тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

8 айдың көрсеткіші бойынша инфляция 5,4% құрады. Мемлекет басшысының пәрменімен үкімет және жергілікті атқарушы органдар тауар құнының негізсіз өсуін қатаң қадағалап жатыр. Сондай-ақ, ұлттық валютада депозиттердің ұлғаюы байқалып келеді. Оған қоса, несие алу үрдісі жаңарды. Шағын бизнес секторында жыл басынан бері несиелендіру 35 пайызға артты. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА