Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда әуе рейстерінің бағасы өсті

AstanaTV
30.09.2016ж. 20:00
4207
Қазақстанда әуе рейстерінің бағасы өсті

Ұшты, ұшты, баға ұшты... «Эйр Астана» әуе компаниясының жол жүру құны бір жылда орта есеппен елу пайызға қымбаттаған. Бүгін бас көлік прокуратурасының өкілдері осы мәселеге қатысты тергеу жүргізетіндіктерін мәлімдеді. Биыл отандық әуе рейстерінің бағасы орташа есеппен 40 пайызға өсіп кеткен. Ал жеке маршруттар бойынша 77 пайызға дейін көтерілген.

Билеттерді қайтару барысында «Жетісу» әуе компаниясы билет бағасының 50 пайызын ұстап қалады. Ал «Бек Эйр» 30 пайыздан бөлек, қайтарым операциясы және басқа да қызметтері үшін ақша алатын болып шықты. Сонымен қатар, биылғы жылы тоғыз мыңнан астам әуе рейстерінің кешігуіне жол берілген. 800 жолаушының жүктері уақтылы келмей, 24 жүк тіпті жоғалып кеткен. Теміржол қызметінде де заң бұзушылықтарға жол берілген. Лабораториялық зерттеудің нәтижесінде 113 вагонда бактериялар мен микробтар анықталған. Бас көлік прокуратурасы осы және өзге де олқылықтарға қарсы бағдарламалар әзірлеген.

Ерболат Әбдіров, ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі:

Жолаушылар құқығы деп аталады. Оның ішінде барлығы жаңа сіздер сұраған сұрақтар көрсетіледі. Қай уақытта, қалай заң бұзушылықтар өзгертіледі? Қалай жоюға болады? Кім жауапты болады? Соның бәрі көрсетіледі. 

С. ОМАШ