Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы финалына шықты

AstanaTV
18.05.2023ж. 08:36
1893
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы финалына шықты
ФОТО: MICHAEL REGAN/GETTY IMAGES

Англияның «Манчестер Сити» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні «Манчестер Сити» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания) кездесті.

Ойын барысында ағылшын клубы басымдық көрсетті. Испаниялық клуб қақпасына жиі шабуылдады. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Бернарду Силва 23, 37-минутта қос голдың авторы атанды.

Екінші кезеңде «Манчестер Сити» сапынан Мануэль Аканжи 76, Хулиан Альварес 91-минутта тағы екі гол енгізді.

Осылайша, олар қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Бірінші кездесуде 1:1 есебі тіркелген еді.

Ағылшындық клуб өз тарихында 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққан. Дегенмен, қарсыласына есе жіберіп, бас жүлдесіз қалды.

Былтыр Чемпиондар лигасы жартылай финалында «Реал Мадрид» командасы жолығып, екі ойынның нәтижесімен (3:1, 3:4) қарсыласына есе жіберіп қойған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын италиялық «Интер» финалға жолдама алды.

Финал Түркияның Стамбул қаласындағы Олимпиадалық стадионында 10 маусым күні өткізіледі.