Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Найзағай, бұршақ және жел: Қазақстанның мегаполистерінде дауылдық ескерту жарияланды

AstanaTV
18.05.2023ж. 11:04
818
Найзағай, бұршақ және жел: Қазақстанның мегаполистерінде дауылдық ескерту жарияланды

Қазақстанның үш қаласында – Астана, Алматы және Шымкентте дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында хабарланды.

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Алматыда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел 18-23 м/с дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градусты көрсетсе, түнде +13...+15 градусқа дейін салқындайды.

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді деген болжам бар және елордада дауылды ескерту жарияланған. Бұл ретте қалада күндіз ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Шымкентте жылдамдығы 8-13 м/с дейін, екпіні болса 15-20 м/с дейін жел соғып, найзағай ойнайды. Күндіз мегаполисте ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін жылыса, түнде +12...+14 градусқа дейін төмендейді.