Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сенатта адамдардың кредит тарихына қатысты заң мақұлданды

AstanaTV
18.05.2023ж. 11:14
1031
Сенатта адамдардың кредит тарихына қатысты заң мақұлданды

Сенаттың жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихына қатысты мәліметтерді алмасу тәртібін реттейтін заң мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасының бірнеше мақсаты бар. Соның бірі – басқа мүше мемлекеттердің резиденттерін кредиттеу шешімін қабылдау кезінде кредиттік тәуекелдерді дұрыс бағалау. Сонымен қатар одақ аумағында орналасқан кредиттік ұйымдарға кредиттік ақпаратқа өзара қол жеткізуді қамтамасыз етіп, ортақ қаржы нарығында трансшекаралық кредиттеуді дамытуға жағдайлар жасау.
Келісім кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тетігін, тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ трансшекаралық алмасуға жататын ақпараттың ең аз тізбесін белгілейді. Бұдан басқа, Келісім кредиттік қатынастарды ресімдеу кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі қағидаттарын, мүше мемлекеттердің қаржы нарығын реттейтін органдардың өкілеттіктерін айқындайді", - деп атап өтті Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенаторлар заңды бірауыздан мақұлдады.