Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Маса 85% жағдайда адамның киімінің түсіне қарайды, ақ түсті жақтырмайды"

18.05.2023ж. 20:00
1395
"Маса 85% жағдайда адамның киімінің түсіне қарайды, ақ түсті жақтырмайды"

Күн жылынса Астанада маса қаптайды. Сондықтан зиянды жәндікпен күрес басталып кетті. Биыл алғаш рет биологиялық препаратпен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның қандай ерекшелігі бар? Жалпы жаудай масадан құтылатын күн бола ма? Дәрібек Бахытбек сабақтайды.

Жаз келісімен жұрт саябаққа ағылады. Бірақ маса көп болғасын онда ұзақ жүру мүмкін емес. Арнайы қорғаныс жақпа майын пайдаланбаса, қансонар жәндікке таланасың.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Күн жылыған кезде, күн ысыған кезде басталады.

- Біз зачитный крем жағып шығамыз.

- Енді көп қой халықтарда далаға шығатын, қыдыратын. Обязательно болады ғой негізі. Астанада енді жазға қарай қаупін алмаса негізі көптеу болады. Ауыл жаққа, мына село жаққа барсан вообще көп.

Ал, мамандар масаны түгел жоя алмаймыз дейді. Айтуларынша, олар- суда мекендейтіндіктен балық, шыбын-шіркейдің азығы. Сондықтан тек биологиялық преперат арқылы санын азайтуға болатынын айтады. Басқа жолы жоқ.

Әнуарбек СИБАТАЕВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Біз біріншіден ұшып жүрген масаларды қуаламау үшін сол суды оброботка жасасақ, ең бірінші сол жақсы. Сол кезде азайтсақ суда масаларды, балапандарын. Сонда ұшып жүрген масалар да азаяды. Сол үшін қалаларда әрбір жерлерде қай жерде су бар солардың түгелін оброботка шыққанбыз.

Айта кетейік, масалар 85% жағдайда адамның киімінің түсіне қарайды. Мәселен ашық түстерді жақтырмайды. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады екен.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Дәл қазір сулы аймақтарда масаға қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған арнайы биологиялық преперат Ресей мемлекетінен әкелінген. Адам өміріне еш зияны жоқ. Егер дозадан көп себілсе, табиғатқа кері әсер етуі мүмкін.