Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Екібастұзда құбыр желісінен ақау шығып, ыстық су далаға ақты

18.05.2023ж. 20:00
1008
Екібастұзда құбыр желісінен ақау шығып, ыстық су далаға ақты

Екібастұзда құбыр желісінен ақау шығып, ыстық су далаға ақты. Жөндеу жұмыстары кезінде диаметрі 820 миллиметр болатын құбырдың тығыны ашылып кеткен

Жөндеу тобы тез арада тығынды жауып үлгерді. Мамандар ыстық сусыз қалған көпқабатты үйлерге бүгін су берілетінін жеткізді. Құбыр жарылып, қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында қазір желілер жаңартылып жатыр.

Евгений БАНЧЕНКО, «ЕКІБАСТҰЗ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта құбыр қалпына келтіріліп жатыр. Арықтағы суды сору жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын аяқтайтын боламыз.