Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«25 игі іс» республикалық эстафетасы жалғасты

AstanaTV
30.09.2016ж. 20:00
3079
«25 игі іс» республикалық эстафетасы жалғасты

Елордалық Ана мен бала ғылыми орталығына қарасты онкологиялық бөлім бүлдіршіндері "Менің астанам" атты экскурсияға шықты. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс" эстафетасы әлеуеттік жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастамашылары: «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен "Самұрық траст" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бүгін эстафета аясында қалалық азаматтық кеңес мүшесі Рустам Итеміров өз қаражатына балаларға Елорданы аралатып, дастархан жайды. Екі этажды автобус серуен барысында Астананың ең көрікті жерлеріне аялдап, балақайлар естелік суретке түсіп жатты. Күрделі ауруларға шалдыққан бүлдіршіндерге ата - аналарынан бөлек, дәрігерлер де бас-көз болды. Балалар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. Көбінесе әуежай не теміржолдан ауруханаға дейінгі ғана жолды біледі. Сондықтан ұйымдастырушылар оларды сәулеті келіскен Астанамен жақынырақ таныстыруды жөн көрген. Айта өтейік, «25 игі іс» эстафетасы одан әрі жалғасады. Шараға қосыламын деушілерге жол ашық.

Фарида Абу, ата-ана:

Өте қызықты шара өткізіліп жатыр. Бізге, балаларға өте ұнап жатыр. Себебі біздің еміміз өте күрделі, емханада бізге химиотерапия салынады, білсеңіз. Сол үшін балаларға арасында бір мезгіл сергіп қайту - ол өте қажет. Және де осыны ескеріп, ұйымдастырып отырған жандарға шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Райхан Жұбаева, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз хатшысы:

25 қана қайырымды іспен шектеліп қалмаймыз. Себебі "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысының мүшесі 25 қайырымды іс жасағаннан кейін, бұл аймақтарға таратылатын болады. Әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА