Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

AstanaTV
19.05.2023ж. 12:28
959
Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

ҚР СІМ Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімге сійкес, бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 180 күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатындай күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

Адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға ниет білдірсе, осы Тарап мемлекетінің заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Келісімге қол қою Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, екі ел азаматтарының саяхаттау тәртібін жеңілдетуге ықпал етеді.