Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Құқық қорғау саласының ардагері Бауыржан Елубаевты еске алу кеші өтті

19.05.2023ж. 20:00
776
Құқық қорғау саласының ардагері Бауыржан Елубаевты еске алу кеші өтті

Қызметі құпия, жауапты болса да, өмірде қарапайым қасиетінен танбаған тұлғалар бар. Соның бірі - ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмысына үлесін қосқан Бауыржан Елубаев. Ол осыдан 2 жыл бұрын 74 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді. Генерал-майор өз уақытында терроризммен күресіп, шекарамыздың бүтіндігі үшін қалтқысыз қызмет еткен. Кәсібилігімен Ұлттық қауіпсіздік жүйесінде төраға орынбасарына дейін көтерілді. Бауыржан Ысқақұлы ғылым мен тәжірибені ұштастыра біліп, саясаттану ғылымдарының докторы атағына ие болған. Тіпті, зейнетке шыққанда да генералдар кеңесінің Елордадағы бөлімшесін басқарып, өмірінің соңына дейін еліне адал қызмет етті. Үзеңгілес болған азаматтар мен туыстары марқұмды қайғырып, еске алды.

Нұрдидар ЕЛУБАЕВ, Б.ЕЛУБАЕВТЫҢ ҰЛЫ:

Әкем мен үшін үлгі болды. Өзінің ісімен, мінезімен, анаммен қарым-қатынастары көз сүйсіндіретін. Соның арқасында бізде бақытты балалық шақ болды. Әкемнен мен достың, туыстың, жақынның қадірін біліп өстім. Қазір олар бұл өмірде болмаса да, біз оларды әдемі естеліктермен еске аламыз.