Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде жол апатына түскен спортшы оқушылардың аналары шу көтерді

19.05.2023ж. 20:00
557
Ақтөбеде жол апатына түскен спортшы оқушылардың аналары шу көтерді

Ақтөбеде жарысқа бара жатып, жол апатына түскен спортшы балалардың аналары шу көтерді. Олар үйден сап-сау кеткен балаларының қазіргі күйіне күйінеді. Жол апатынан ауыр жарақаттанған оқушылардың жағдайын шенділер бес айдан бері бір келіп білмеді деп өкпелі.

Спортшылардың бірі аяғынан енді тұрған. Жүруді қайта үйреніп жатыр. Ал бірі басынан жарақатанған. Бірнеше рет күрделі операция жасалыпты. Екеуі де биыл үйден оқыды. Денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған.

Гүлнұр ӘДІЛГЕРЕЕВА, АТА-АНА:

Талақ жыртылуы іштен қан кету және жақ сүйегінің екі жерден сыңуы ек іауыр отадан өтті. Қазіргі кезде осы балалардың денсаулығына жоғарғы жақтан ешқандай қызығушылық болып жатырған жоқ. Балаларымыздың жағдайы жайлап ұмытылып бара жатыр.

Бибінұр КӘРІБАЕВА, АТА-АНА:

Қазіргі таңда аяғында штифті тұр. Ол қыркүйек айында алынады. Аяғы 2,5 см қырқарды. Енді біздің басшылықтан сұрайтынымыз. Балаларымыз мүгедектікке ұшырады. Басшылардың ешқандай жауапкершілігі жоқ.

Еске салайық, былтыр 17 желтоқсанда тоғыз оқушы мен олардың бапкері мінген көлік жол апатына түсті. Бір бала қаза тапты, сегіз бала түрлі жарақат алған. Оның бесеуінің жағдайы ауыр болды. Балаларға осыған дейін бірнеше ота жасалды. Енді ұзақ оңалту шаралары қажет.

Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрі қарай жағдайына байланысты тағы да реабилитация біз көрсете аламыз. Облыс көлемінде ол не зат болса да үш айдан кейін или алты айдан кейін алу керек реабилитацияны ала бермейді. Ала бергенде де ол физлечение ол дәрі-дәрмек оның побочный эффекті де бар ғой. Сондықтан біз медициналық көрсеткіштеріне байланысты мұның барлығын қадағалап, бақылап врачтар назначение береді.

Облыстағы салаға жауапты шенділер бұл спортшы балалардың жағдайынан хабардар. Олар оқушылар үшін қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.

Айбат ЕРМЕКБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мәселе бақылауда. Ұмытып кеткен жоқпыз. Өзіміздің басқа да мектептеріміз бар. Облыстағы спортшылар қауымдастығы бар. Соларға үндеу тастап қол ұшын берейік, көмектесейік деп. Қайырымдылық турнирлерін ұйымдастыру сол арқылы түскен азды-көпті қаражаттты балаларға жәрдем ретінде шаралар атқарылып жатыр.

Бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр. Жеті адамдық көлікке он бір адамды тиеген жүргізуші рөлде қалғып кеткен көрінеді.

https://youtu.be/AMurNkeUQr0