Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекет басшысының алдағы күндерге жоспары белгілі болды

AstanaTV
20.05.2023ж. 14:57
930
Мемлекет басшысының алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды.

Президент 22 мамырда Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі

«Сондай-ақ, дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.