Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Биыл 6 миллион отбасы «Цифрлық картамен» әлеуметтік көмек алады

AstanaTV
20.05.2023ж. 15:26
1037
Биыл 6 миллион отбасы «Цифрлық картамен» әлеуметтік көмек алады

Биыл 6 миллион отбасы «Цифрлық картамен» әлеуметтік көмек алады Биыл 6 миллион отбасы «Цифрлық картамен» әлеуметтік көмек алады. Құжат жинап тапсырудың қажеті жоқ. Өйткені әр отбасына мемлекеттен берілетін жәрдемақы мен төлем бір әлеуметтік кодекс арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Астана телеарнасы КТК телеарнасына сілтеме жасап. Бұл еліміздегі тек осал топтарға емес, барлық отбасының өзіне тиесілі көмегін дұрыс қолдануға арналған.

Еңбек министрінің айтуынша, «Цифрлық картаның" әр отбасыға берер мүмкіндігі зор. Өйткені бұрын бала күтімімен немесе мүгедек бала қарап отырған аналардың, әлеуметтік көмек алуы керек отбасының дерегі әртүрлі заңда қаралатын. Енді бір дереккөзге барлық ақпарат жинақталғанда мемлекеттен көмек алу жеңіл болады. Ешқайда шабылудың қажеті жоқ. Ол үшін жергілікті өңірлер әр азаматтың дерегін ерінбей, дәл уақытында енгізіп отыруға тиіс. Себебі, көп жағдайда статистика шынайы жағдаймен сәйкес келмей жатады. Бар болғаны «Цифрлық картаға» өз мәліметіңізді енгізуге рұсқат берсеңіз болды. Егер қарсы болсаңыз, қол қойып бересіз.

«Телефонына сондай ақпарат келсе, не істеу керек? Ақпарат келді, сіз жұмыссыз екенсіз, бұрын сізде төлем болу керек екен. ГФСС-тан жәрдемақы алуға мүмкіндік бар десе, оның жұмыс телефонына «иә» деп қол қойып беру керек. Егер сенгісі келмесе, қорықса, ол жерде біздің эмблемамыз тұр, онда ХҚКО-ға барады, ХҚКО оған тура сол жәрдемақыны тағайындап береді» дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.