$484.19 €524.28 ₽5.03
×

«Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының бастауыш партия ұйымы өз қаржысына велотұрақ орнатып берді

AstanaTV
11.10.2016ж. 20:00
1957
«Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының бастауыш партия ұйымы өз қаржысына велотұрақ орнатып берді

«Ақжайық» футбол клубының стадионына велотұрақ орнатылды. Мұны «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымының белсенділері өз қаржыларына жасаған. Бұл - Орал қаласындағы алғашқы велотұрақ. Соңғы жылдары шаһарда велошерулер жиі ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Бұқаралық сипат алған бұл іске қарапайым тұрғындар да тайлы-тұяғы қалмай белсене қатысады. Бұрын көлігін қоярға жер таппай қиналған велосипедшілер нұротандықтарға алғыстарын жаудырып, велотұрақты қолдана бастады.

Аңсар Ғалиақпаров, «Ақжайық» ФК Ойыншысы:

Бұрын велотұрақ болмағанда баспалдақпен велосипедті көтеріп ішке кіргізетін едім, жаттығудан шыққанда баспалдақпен көтеріп түсіремін. Жаттығудан шаршап шығасың, сол кезде қиындау еді. Қазір мына велотұрақ салғалы өте оңай, келесің де, қойып кетесің. Және бұл сенімді әрі ыңғайлы.

Ал жастардың ризашылығын алған бастама көтерушілер өздерінің бұл ісі жалғасын табарына сенімді. Өйткені туған өлке үшін жасалған игі істің қайтарымы болатыны анық дейді бастауыш партия ұйымының мүшелері. Әзірге стадион алдындағы велотұрақта орын саны шектеулі, әзірге тек он велосипед қоюға болады. Әрі бұл жер ұдайы бейнекамералардың бақылауында. Енді спортшылар өздерінің екі дөңгелекті көлігін уайымдамай, алаңсыз жаттыға алады.

Арсен Ғұбашев,  БҚО спорт басқармасының баспасөз хатшысы:

Осы стадионда футболмен айналысатын әртүрлі жастағы балалар бар. Оларға жаз және күз айларында осында велосипедтерін қоятын жер болмап еді. Енді қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, он шақты орынды бізге тапсырды. Өте қуаныштымыз, көп-көп рахмет, алғысымызды айтамыз.