Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Италияға тасқыннан орасан зор шығын келді

AstanaTV
22.05.2023ж. 13:05
745
Италияға тасқыннан орасан зор шығын келді

Италияның Эмилья-Романья аймағындағы көп елді мекенді әлі де су басып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

40-тан астам қала зардап шеккен. 14 адам қаза тапты. 36 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өткен аптада басталған жаңбыр кеше тоқтады. Қазір табиғат апатының салдарымен күреске жүздеген ерікті жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығына орасан зор шығын келді. Үкімет басшысы Джорджа Мелони G7 саммитінен орала сала осы өңірге бет алды.

"Су тасқыны болған аудандарды аралап жүрмін. Мені адамдардың табиғат апатына мойымай, оның салдарын жоюға күш салып жатқаны таңғалдырды. Біз жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетеміз", - Италия премьер-министрі Джорджа Мелони.