Алматыда полицейді қағып кетіп, із суытуға тырысқан жүргізушінің үстінен тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 21 мамыр күні таңғы сағат алтыда болған. Toyota көлігінің жүргізушісі мас күйінде Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен қиылысында полиция қызметкерін қағып кеткен. Полицей аталған көлікті жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатып тұрған.
«Соқтығысқаннан кейін Toyota жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, жасырына бастаған.
Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршам бағанасына соғылды.
Бұл деректі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.