Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел ғарышқа ұшты

AstanaTV
22.05.2023ж. 16:40
814
АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел ғарышқа ұшты

АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел Халықаралық ғарыш станциясына аттанды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Райана Барнави рак клеткаларын зерттеуші маман. Ол орбиталық бекетте кеуде қатерлі ісігіне байланысты зерттеу жүргізеді. Барнавимен бірге жерлесі Әли Әлқами және НАСА-ның екі астронавты ұшты.

Станцияға бұл экипажды миллиардер Илон Маск компаниясына тиесілі «Фалкон-9» ракетасы мен «Драгон» капсуласы жеткізеді. Ол зымыран Канаверал мүйісінен жексенбі күні көкке самғаған.