$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралда жас жігітті өлтіріп кетті

AstanaTV
22.05.2023ж. 18:07
1347
Оралда жас жігітті өлтіріп кетті

Оралда жас жігітті өлтіріп кетті, бұл іс бойынша 19 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"19 мамырда, 04:22-де "Әли" кафесінің жанында белгісіз біреу 1995 жылы туған тұрғынды пышақтап, алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 19 жастағы жігіт анықталып, ұсталды және іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды",-деді Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша 99-баптың 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.