$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Жұлдыз Өмірғали өзін мазалап жүрген мәселе туралы ашық айтты

AstanaTV
22.05.2023ж. 18:35
1988
Жұлдыз Өмірғали өзін мазалап жүрген мәселе туралы ашық айтты

Атақты KeshYou тобының экс-мүшесі, Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали әлеуметті желіде оқырманына мұңын шақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали артық салмақтан арыла алмай, қиналып жүргенін жасырмай айтты.

“Кімде арықтататын әрі жасартатын дәрі бар? Қайран 54 келі салмағым… Денемдегі артық май үшін жылап шаршадым. Өзіме ғана емес, айналамдағыларға да жайсыздық тудырамын. Мен ел алдында жүрген адаммын, актрисамын. Мен арық болу керекпін, дене бітімімде де өзгерістер болмауын қадағалауым қажет. Бір сөзбен айтқанда, робот болуым керек”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Өнер иесі арық көрінудің де машақаты көп екенін айтты.

“Мен арық көріну үшін ракурс, үйлесімді киім үлгісін іздеймін. 64 келі салмақты киіммен жасыра алмайсың. Артық салмақ жинап алғаным түрімнен көрініп тұр. Өзімді 100% жек көремін”, – дейді актриса.