Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Өскеменде дизель тапшылығы мәселесі шешіліп келеді

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
2290
Өскеменде дизель тапшылығы мәселесі шешіліп келеді

Өскеменнің қоғамдық көліктеріне бөлінген дизель отыны тағы бір аптаға жетеді. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері біздің арнаға хабарлады. Өткен жаңалықтарымызда Өскемендегі дизель отыны таусылуға шақ тұрғанын хабарлаған едік. Ал күні кеше қалаға 200 тонна дизель отыны жеткізілген. Ал жалпы қоғамдық көліктерге күніне 25 тонна дизель отыны керек екен.

Арман Ысқақов, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

Бізде қазір осы аптаға жететіндей дизель отыны бар. Келесі аптадан бастап Павлодар мұнай өңдеу зауытынан сұйық отын келе бастайды. Тек қоғамдық көліктерге ғана емес, жеке автокөлік иелеріне де жеткілікті жанармай болады деп ойлаймын.

Қаладағы жанармай құю бекеттері жеке көліктерге дизель отынын тек талонмен босатуда. Отынның бір литрі 121 мен 133 теңгенің арасында. Арнайы комиссия ай сайын бағаларға тексеру жүргізіп отырады. Дизель отынының бағасын 145 теңгеден асырған стансаларды монополияға қарсы күрес қызметі тексеретін болады .

С. ОМАШ