Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жұрт білмейтін қызықты дерекпен бөлісті

AstanaTV
22.05.2023ж. 23:25
1762
Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жұрт білмейтін қызықты дерекпен бөлісті

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат әлеуметтік желіде өзі жайлы қызықты ақпаратпен бөлісіп, жұртты таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мархабат Бесбаева соңғы кезде әлеуметтік желіде өте белсенді. Instagram-дағы парақшасында оқырманмен пікір алмасып, сұрақтарына жауап береді.

“Сіз сабақты жақсы оқыпсыз. Бір сыныпты тастап, бірден екіге өтіпсіз, солай ма?” деген оқырман сауалына Мархабат: “Иә, ол рас. Бірінші сыныпта оқып жүріп екінші сыныптың бағдарламасын біледі деп үшінші сыныпқа жіберді. Жақсы оқығаным үшін үшінші сыныптан бесінші сыныпқа ауыстырды. 15 жасымда мектеп бітірдім”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, биыл Мейрамбек пен Мархаббаттың отау құрғанына 19 жыл толады. Олар 2004 жылы 8 шілде күні заңды некесін қидырып, отбасын құрған еді. Бүгінде ерлі-зайыптылар Кәусар есімді қыз бен Әбухайыр есімді ұл тәрбиелеп отыр.