Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аптасына 45 млн адам жұқтырады: Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін

AstanaTV
22.05.2023ж. 23:44
1209
Аптасына 45 млн адам жұқтырады: Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін

Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін деп болжайды DataHub телеграм арнасы Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мамыр айының соңында жаңадан жұқтырғандар саны аптасына 45 млн-ға, ал бір айдан кейін тіпті 65 млн-ға жетуі мүмкін.

"Вирустың қайта өршуінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, Қытайдың пандемияға қарсы COVID Zero саясатының тоқтауы, алдыңғы толқындардан кейінгі ұжымдық иммунитеттің әлсіреуі және Омикрон штамының тарауы індетті қайта өршітуі ғажап емес", – деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының бұдан былай әлемдік төтенше қауіп емес екенін мәлімдеген еді. Сол кезде Қазақстандағы сырқаттану статистикасының да жариялануы тоқтады.