Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«AMANAT» партиясы жыл сайынғы журналистер арасында республикалық байқау жариялайды

23.05.2023ж. 11:50
1451
«AMANAT» партиясы жыл сайынғы журналистер арасында республикалық байқау жариялайды

«AMANAT» партиясы жыл сайынғы дәстүр бойынша журналистер арасында республикалық байқау жариялайды. Оған еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарын қамтитын үздік материалдар қабылданады.

 Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады:

- Еліміздегі реформалар туралы үздік материал

- Еңбек адамы туралы үздік материал

- Аймақ туралы ең үздік материал

- Рухани-мәдени даму туралы үздік материал

- Жастар туралы үздік материал

- Алаш қозғалысы туралы үздік материал

- Азаматтық борыш туралы үздік материал

Арнайы сыйлықтар:

- М. Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы

- Ш. Мұртаза және К. Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы

- Белсенді азаматтық ұстанымы үшін

Өтінім 22 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады.

Толық ақпарат amanatpartiasy.kz сайтында

«AMANAT» медиа сыйлығы – 2023

Мамандыққа адалдық!