Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік туристің мәйіті табылды

23.05.2023ж. 20:00
808
Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік туристің мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік туристің мәйіті табылды. 28 жастағы Аустралия азаматын төтеншеліктер тәулік бойы іздеген. Турист мегаполиске 3 күн бұрын ресейлік азаматпен бірге қыдырып келген. Кейін жалғыз өзі хостелден Үлкен Алматы көлінің маңындағы таулы аймаққа аттанып, қалаға қайтпағаны анықталды. Құтқарушылар мен еріктілерден жедел штаб құрылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 70-тен астам адам жұмылдырылған. Турист Аюсай шатқалынан өлі күйінде табылды.

Қарлығаш НҮСІРБЕКОВА, ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ КООРДИНАТОРЫ:

Турист 14.30-да тауға қарай посттан өткен. Бірақ бұл уақыт тауға көтерілу үшін өте кеш болып саналады. Ол жақта ерте қараңғы бататындықтан, түскі уақытта таудан түсуді жоспарлау керек. Қазіргі тұрақсыз ауа райын да ескерген жөн. Таулы аймақта жаңбырлы, бұлтты ауа райы адам өміріне қауіп төндіреді.