$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда заңсыз салынған 2 көпқабатты тұрғын үй бұзылуы мүмкін

23.05.2023ж. 20:00
1080
Павлодарда заңсыз салынған 2 көпқабатты тұрғын үй бұзылуы мүмкін

Павлодарда заңсыз салынған 2 көпқабатты тұрғын үй бұзылуы мүмкін. Өйткені, олар үй салуға әкімдіктен рұқсат алмаған. Құрылыс кезінде де өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген. Негізі бұл аумаққа жеке үйлер және спорт нысандар салу жоспарланған. Бірақ, олар бұл талапты ескерместен, 4 қабатты тұрғын үй салыпты. Сот екі үйді де бұзу туралы шешім шығарды. Алайда, құрылыс компаниялары соттың бұл шешімімен келіспей, Жоғары сотқа аппеляциялық шағым түсірген.

Асхат БЕЙСЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Барлығы Жоғары сот шығаратын шешімге байланысты. Егер сот оң шешім шығарса, заң жүзінде үйді бұзу туралы шаралар қабылданатын болады. Әзірге іс әлі қаралып жатыр.

Бұл баспаналарды бұзу туралы шешім өткен жылы шығарылған. Алайда, сот ісі созбалаңға салынып келеді. Павлодар облысында құрылыс талаптарын сақтамайтын компаниялар көбейген. Соның салдарынан 50-ге жуық нысанда түрлі заң бұзушылық анықталды.

Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тексеріс барысында анықтағанымыз бұл жер үй салуға алдын ала берілмеген. Бұның алдыңғы мақсаты жерасты көкеністерді сақтауға қойма салынуы керек болатын. Мақсаты 2022 жылы қала әкімінің қаулысымен өзгертіледі. Кадастрлық құны 1 млн 337 мыңнан аса теңгеге жеке кәсіпкерге сатылған екен.